Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында "У" сыныбы ашылды (видео)

Опубликовано:

балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Кемертоған орта мектебінде "У" сыныбы ашылды, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның мәліметінше, білім ошағы 1200 орынға арналғанымен, биыл оқушы саны 4600-ден асқан. Бірінші сыныптың өзіне 600-ден аса бүлдіршін келіп, мектепте "У" сыныбы да ашылған. Бірінші сыныптың саны 22-ге жеткен.

Бала санының көптігіне байланысты Кемертоған мектебі былтыр үш аусыммен оқыса, биыл да бұл режим сақталып қалған.

"Біреуі жеті жарымда, біреуі он бір жарымда, біреуі төртте оқиды. Үш түрлі келеміз. Өзіміз бірге келмесек, кептелістің астында қалып кетуі мүмкін", - дейді Кемертоған ауылының тұрғыны Шынар Манапқызы.

Мектеп директорының міндетін атқарушы Халида Атабаева үш ауысымды балалардың білім алуы өте ауыр екенін айтады.

"Айтып жатырмыз, облыс та, аудан да біледі. Бұл жерде оқитын төрт өңірдің балалары. 4 жерден келеді. МТФ-дан, Кемертоған ауылынан, "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен және БАКАД-тың бер жағынан қатынап оқиды. Әрине енді бала саны өте көп. Үш ауысымда баланың білім алуы өте ауыр", - дейді "Кемертоған орта мектебі" КММ директорының міндетін атқарушы Халида Атабаева.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Алматы облысында 3 аусыммен оқитын 54 мектеп бар.

Айта кетейік, бұған дейін елордадағы №83 мектепте биыл 18 бірінші сынып ашылғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985889-almaty-oblysynda-u-synyby-asyldy-video/

pixel