Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім күні салтанатты шараға қатыспай, кілем үстінде жатқан баланың кім екені белгілі болды

Опубликовано:

Бала
Фото: Әлеуметтік желі

Білім күні салтанатты шараға қатыспай, кілемде демалып жатқан балақайдың суреті күні кеше әлеуметтік желіге таралып кетті. Қазнет жұлдызына айналған бүлдіршіннің кім екені белгілі болды.

Видеода костюм киген балақайдың көлеңкеде, кілем үстінде ұялы телефон ұстап жатқанын көруге болады. "Білім күнінің басты суреті", - деп әзілдеді әлеуметтік желі қолданушылары.

Sputnik Қазақстан тілшісі желі жұлдызының кім екенін анықтады. Белгілі болғандай, оқушының есімі - Жанасыл. Алғашқы қоңырау Батыс Қазақстанның Қараөзен ауылында өткен. Ал Жанасыл әлі балабақшаға баратын болып шықты. Ол биыл 4 жасқа толған. Көпбалалы ана Жанасылды мектепке ағасымен ерте барған.

"Тағы бір балам биыл 7 сыныпқа барды. Жанасылды өзімізбен ала кеттік. Ал бір уақытта ол шаршағанын айтып, ораулы кілем үстіне жата кетті. Оны біреу суретке түсіріп, желіге таратып жіберіпті. Оның дәл сол сәтте телефоннан не қарағанын білмеймін", - дейді анасы Бақытгүл Жақыпова.

Сондай-ақ анасы Жанасылдың костюмді өзі кигенін, болашақта құрылысшы болуды армандайтынын да айтып өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985910-bilim-kuni-saltanatty-saraga-qatyspai-kilem-ustindg-zatqan-balanyn-kim-ekeni-belgili-boldy/

pixel