Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жүргізушілердің қақтығысы жаппай төбелеске ұласты (видео)

Опубликовано:

Жол ортасында төбелесіп жатқан ер адамдар
Оқиға орны. Видеодан кадр. Фото: Instagram.com/kris_p_issyk

Алматы облысы Есік ауданының орталығында екі көлік жүргізушісінің қақтығысы топтық төбелеске ұласты. Жағдайға араласқан тәртіп сақшылары оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы облысының ПД баспасөз қызметінен сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде жаппай төбелестің видеосы пайда болды. Кадрларда бір топ ер адам мен әйел бір-бірін ұрып-соғып, тепкілеп жүріп жағдайды шешуге тырысуда. Оқиға адам қарасы көп жерде орын алған.

"Есік қаласында кішігірім жол-көлік оқиғасына байланысты жаппай төбелес болды", деп түсіндіреді жазба авторы.

Алматы облысының полиция департаментінде аталған факті бойынша қылмыстық тергеу басталғаны туралы ақпарат берілді. Төбелеске қатысушылардың бірі ауруханаға медициналық көмекке жүгінген.

"Көшедегі төбелес екі көліктің соқтығысып қалу қаупінен туындаған. Болжам бойынша жанжалға төрт ер адам қатысып, олардың бірі кейінірек ауруханаға көмек сұрап жүгінген. Дәрігерлер оған жеңіл дене жарақатын алған деп диагноз қойды. Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Барлық қатысушы анықталып, тексеру үшін полицияға жеткізілді", деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Назар аударыңыз! Видеода балағат сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985964-almaty-oblysynda-zurgizusilerdin-qaqtygysy-zappai-tobeleske-ulasty-video/

pixel