Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда өзенге батып бара жатқан баланы 16 жастағы бозбала құтқарып қалды (видео)

Опубликовано:

өзен
Көрнекі фото: pixabay.com

Жайық өзеніне батып бара жатқан баланы шағын қайықпен жанынан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала құтқарып қалды, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің Polisia.kz ресми Telegram-каналы.

Ведомство мәліметінше, оқиға 2 қыркүйек күні сағат 18:00 шамасында Атырау қаласы Орталық дене шынықтыру кешені тұсында болған. Жайық өзеніне батып бара жатқан баласын әкесі өзі құтқармақ болған. Кейін шағын қайықпен жанынан өтіп бара жатқан 16 жастағы Евгений Русаков есімді бозбала дереу көмекке келген.

"Жайық өзенінде белгісіз адам мен жасөспірім баланың көмек сұраған дауысын естіп стационарлық бекетте қызмет атқарып тұрған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері - полиция лейтенанты Ақжол Қибатоллаев және полиция аға лейтенанты Бердібек Хабибуллаев келген. Кейін полицейлер жағалауға шығарып, 1992 жылы туған азамат пен оның 2019 жылы туған ұлына жедел жәрдем шақыртты, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді", - делінген ведомство хабарламасында.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, өзенде адам тасымалдаудың қауіпсіздігін қадағаламаған тұлғаларға қатысты іс-құжаттар жинақталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1985999-atyrauda-ozenge-batyp-bara-zatqan-balany-16-zastagy-bozbala-qutqaryp-qaldy-video/

pixel