Қазақстанның кей өңірінде +36 градусқа дейін ыстық болады деп күтілуде

Опубликовано:

Жарқыраған бұлтты күн
Көрнекі фото: Pexels.com

Синоптиктер Қазақстанның үш ірі қаласында 3 қыркүйек күні қандай ауа райы болатынын болжады. Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Ақпарат "Қазгидрометтің" ресми сайтында жарияланды.

3 қыркүйек күні Нұр-Сұлтанда күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сондықтан күндізгі температура +33+35 градусқа жетуі мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр.

Алматыда да сенбі күні синоптиктер күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Алайда көшпелі бұлт болатынын жоққа шығармайды. Күндіз ауа температурасы +31+33 градусқа дейін қызуы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 метр.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады. Мамандар күндізгі ауа температурасын +34+36 градус шамасында болжайды. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986004-qazaqstannyn-iri-qalalarynyn-birinde-36-gradusqa-deiin-ystyq-bolady-dep-kutilude/