Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоғам талабын ескеру керек": министрлер Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты не деді

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтан атауын қайтадан Астанаға ауыстыруға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Естеріңізге сала кетейік, "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы елорданың бұрынғы атауын қайтаруды ұсынғанын жазған болатынбыз.

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер аталған мәселеге қатысты алдымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жеке пікірін сұрады. Оның айтуынша, бұл идея бұрыннан талқыланып келеді.

"Біріншіден, елорданың атауын өзгерту туралы идеяның қоғамда талқыланып жатқанына көп болды. Сөз жоқ, бұл – көңіл бөлуге тұратын мәселе. Күні кеше "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы оны қарауға енгізді. Меніңше, осы мәселені қоғам талқысынан өткізгеннен кейін парламентте қаралады. Сондықтан сәл күте тұрайық. Бұл мәселе кеше ғана көтерілді. Оны ой елегінен өткізу үшін біршама уақыт керек. Сол кезде өз ойымды айтамын", – деді Скляр.

Жаңадан тағайындалған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі де қоғам талабын ескеру керек деген пікір білдірді.

"Біз де кеше естідік. Бұл мәселе қоғамда қызу талқыланып жатса, қоғамның талабы болса, депутаттар оны көтеріп, әрі қарай заң шеңберінде жүзеге асырады деп ойлаймын. 2019 жылдан бері қаншама жаңалық болып жатыр. Оны өздеріңіз көріп жатырсыздар. Сондықтан, меніңше, бұл – депутаттардың азаматтық ұстанымы. Мен өзім қоғамның бір бөлшегі ретінде қоғамның талабын ескеру керек деп санаймын", – деді министр.

Ал ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елорданы әр түрлі атаумен атайтынын жеткізді.

"Өз басым әрқалай айтамын, "Нұр-Сұлтан, елорда, Астана" деп айта беремін. "Астанада тұрамын деймін", – деп атап өтті Қуантыров.

Министр елорданың атауын қайта ауыстыруға қанша ақша кететінін айта алмады. Оның есеп-қисабын шығару қажет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986020-qogam-talabyn-eskeru-kerek-ministrler-nur-sultan-atauyn-ozgertuge-qatysty-ne-dedi/

pixel