Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде аң аулап жүрген полицей байқаусызда әріптесін атып жіберген

Опубликовано:

мылтық
Көрнекі фото: Хабар 24

Ақтөбеде аң аулап жүрген полицей байқаусызда әріптесін атып жіберген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым дерегінше, 3 қыркүйек күні Хромтау аудандық ПБ кезекші бөліміне ер адам аң аулау кезінде өз танысын байқаусызда атып алғаны туралы хабарлама түскен. Көп ұзамай полиция қызметкері демалыс күнінде танысымен аңшылыққа барғаны анықталған.

Ол аң аулау кезінде байқаусызда өзіне тиесілі қарумен танысын атып алған, салдарынан танысы оқиға орнында көз жұмған. Күдікті ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Қылмыстық кодекстің 104-бабы 1-бөлігі (Абайсызда қазаға ұшырату) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986083-aqtobede-an-aulap-zurgen-policei-baiqausyzda-ariptesin-atyp-zibergen/

pixel