Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда аңшылық дүкеніндегі өрттен қаза тапқандар саны артты

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қостанайда аңшылық дүкеніндегі өрт салдарынан төрт адам қаза тауып, үш адам зардап шекті. Бұл туралы Бас прокуратура өз ресми сайтында хабарлады.

"3 қыркүйекте Қостанай қаласында "Оружейная палата" аңшылық дүкені өртенген. Соның салдарынан дүкеннің жеті қызметкері зардап шегіп, үшеуі күйік шалып ауруханаға жатқызылды,  ал төртеуі қаза тапты", - деді Бас прокуратурада.

Ведомство аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Естеріңізге сала кетсек, сенбі күні сағат 11:20-да Қостанай қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан "Оружейная палата" дүкенінің ғимараты өртенгені хабарланған болатын. Жалын оның жанындағы көлік жөндеу стансасының шатыры мен асхана ғимаратын да шарпыған. Өрт кезінде жертөледен екі адам шыға алмай қалған. Ал құтқарушылар қару-жарақтың жарылуына байланысты дүкен ішіне өте алмаған.

Кейінірек жертөледен ер адамның мәйіті шығарылғаны белгілі болды. Ал бүгін ғимарат үйіндісінен тағы бір адамның денесі табылды. Зардап шеккендердің арасында дүкен директоры да бар екені айтылған, оның денесін 50 пайыз күйік шалған. Ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986088-qostanaida-ansylyq-dukenindegi-ortten-qaza-tapqandar-sany-artty/

pixel