Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

39 градусқа дейін ыстық: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның ірі қалалары - Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкентте апта басында ыстық ауа райы сақталады. Ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК ұсынып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматыда +32...+34 градус ыстық, желдің жылдамдығы 2-7 м/с дейін жетеді.

Елорда тұрғындарына да ыстық ауа райы туралы ескертілген. Нұр-Сұлтанда термометр бағаны бүгін +30...+32 градусқа дейін көтеріледі. Қалада күндіз жел 9-14 м/с дейін күшейеді.

Ал Шымкентте дауылды ескерту жарияланды. Мегаполисте +37...+39 градус ыстық күтілуде. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986118-39-gradusqa-deiin-ystyq-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/