Қостанай облысындағы өрттен егістікке қандай зиян келген

Опубликовано:

қызыл жалын
Оқиға орнынан фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қостанай облысындағы орман өрті дәнді дақылдар егістігіне аз ғана зиян келтірді. Ауыл шаруашылығы министрлігі алқаптардың жаппай өртенуіне жол берілмегенін хабарлады, деп жазады ведомствоның ресми сайты

Министрлік ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га аумақта зығыр дақылдары өртенген.

Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылған.

Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1 пайыздан аз аумағы зардап шекті.

Айта кетейік, өңірдегі егістіктің жалпы аумағы 5,3 млн га құрайды.

Ауыл шаруашылығы министрілі биыл облыстың шаруалары 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызғанын хабарлады.

Сондай-ақ 3 қыркүйекте өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3 пайызы жиналды. Бұдан бөлек 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар орып алынған.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйек сағат 21:00-дегі жағдай бойынша, Әулиекөл ауданындағы өрт аумағы 43 мың гектардан асқан.

Оқиға орнына тікұшақтар, ұшақ және 2 мыңнан астам адам жұмыс істеуде

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986127-qostanai-oblysyndagy-ortten-egistikke-qandai-ziyan-kelgen/