Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда жасөспірім ойыншық тапаншамен жұртты үрейлендірген (видео)

Опубликовано:

Көкшетауда жасөспірім ойыншық тапаншамен жұртты үрейлендірді
Видеодан кадр: ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы

Әлеуметтік желіде қолына тапанша ұстап, автокөлікте кетіп бара жатқан жігіттің видеосы тарады. Көкшетау полициясы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметінің ресми Telegram-каналы.

Ведомствоның хабарлауынша, полиция қызметкерлері видеодағы азаматтың жеке басын анықтаған. Ол Көкшетау қаласының 16 жастағы тұрғыны болып шыққан. Ал оның қолына ұстағаны тапанша ойыншық екені белгілі болды.

Полицейлер кәмелетке толмағандармен профилактикалық әңгіме өткізген. Жүргізуші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 2-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986137-koksetauda-zasospirim-oiynsyq-tapansamen-zurtty-ureilendirgen-video/

pixel