Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде орманға әдейі от қойғандарға қандай жаза қарастырылған (видео)

Опубликовано:

Орман өрті
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қазақстанда ормандарды жойғаны немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Бұл жайлы Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті басқармасының бастығы Ермек Шүлден айтты, деп хабарлайды ведомствоның ресми Telegram-каналы.

"Ішкі істер министрлігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ормандарды жою немесе зақымдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді. Орман қорына кіретін және кірмейтін ағаштар мен бұталарды өрт қою жолымен немесе қалдық, қоқыстармен ластау арқылы, өзге де қауіпті тәсілдерімен қасақана жою, зақымдау Қылмыстық кодекстің 341-бабымен сараланады. Бұл қылмыс ауыр қылмыс санатына жатады және ол үшін мүлкін тәркілей отырып, 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - деді Ермек Шүлден.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986147-elimizde-ormanga-adeii-ot-qoigandarga-qandai-zaza-qarastyrylgan-video/

pixel