Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні: ұлт ұстазы туралы не білеміз

Опубликовано:

Ахмет Байтұрсынұлы
Көрнекі фото: visitkostanay.kz

Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ұлт ұстазы 150 жыл бұрын қазіргі Қостанай облысы Жангелді ауданы Ақкөл ауылында өмірге келген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте өмір есігін ашып, 1937 жылы 8 желтоқсанда қайтыс болған.

Оны қалың оқырман ақын, әдебиет зерттеушіcі, ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, сазгер, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі ретінде таниды.

Ахмет Байтұрсынұлы 1882-1884 жылдары ауыл мектебінде оқыды.

1890 жылы Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

1895—1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.

1909 жылы патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды.

1912 жылы Оқу құралы. Қазақ әліппесі Орынборда жарық көреді.

1913 жылы Орынборда "Қазақ" газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.

1918-19 жылдары Алаш Орда қатарында болады.

1919 жылы Қазақ өлкесін басқаратын Әскери-революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.

1922-25 жылдары Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАК-ның, ОАК-нің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОК-нің органы "Ақ жол" газетінде жұмыс істеді

1925-29 жылдары Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент қаласы) және ҚазПИ-де оқытушы болды.

1929 жылы маусым айында қамауға алынып өзі Архангельск облысына жер аударылған, ал жұбайы мен қызы Томскіге жіберілді.

1934 жылы. Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың (Максим Горькийдің әйелі) қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. Сол уақытта ол жұбайы Бадрисафамен бірге Алматыға қайта оралған.

1937 жылы тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынып, сол жылы 8 желтоқсан күні "халық жауы" деп атылды.

Ахмет Байтұрсынұлының қандай шығармалары бар?

Ахмет Байтұрсынұлының 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген алғашқы кітабы жарық көрді, ол кітапта Крыловтан аударған мысалдар жинақталды. 1911 жылы Орынбор қаласында "Маса" атты өлеңдер жинағы шықты.

Сонымен қатар оның "Оқу құралы", "Тіл құралы", "Әліпби", "Жаңа әліпби", "23 жоқтау" және тағы басқа еңбектері бар.

Еске сала кетейік, бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланып, оның аясында ақынның кіндік қаны тамған орында музей үйі ашылуы жоспарланған еді. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының жаңа ескірткіші ашылатынын да хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986162-bugin-axmet-baitursynulynyn-tugan-kuni-ult-ustazy-turaly-ne-bilemiz/

pixel