Павлодарда ескі көлігімен жол апатына түскен қарияға "Запорожец" сыйға тартылды (видео)
Опубликовано:

Осыдан біраз уақыт бұрын 85 жастағы павлодарлық қарияның жол апатына түсіп, ескі көлігін құшақтап жылаған видеосы тараған болатын. Ефим Никитичке семейлік Асылбек Андабаев есімді азамат "Запорожец" көлігінің кілтін табыстады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл қуанышты сәттің видеосы @kolesa_pavlodara Instagram парақшасында жарияланды.
"Уәде еткенімдей, бүгін көліктің кілтін табыстадым. Ата дән риза. Жақсылық жасаңыздар, ол міндетті түрде қайтып келеді", - деп жазды жазба авторы.
Еске сала кетейік, бұл жол-көлік оқиғасы туралы 22 тамыз күні әлеуметтік желіден белгілі болған еді. Жол апатына түскен "Запорожец" жүргізушісі желі қолданушыларының назарын аударған.
Бүлінген көлігіне сүйеніп, мұңайып тұрған қария желідегілерді бей-жай қалдырмаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986173-pavlodarda-eski-koligimen-zol-apatyna-tusken-qariyaga-zaporozec-syiga-tartyldy-video/