Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы өрт: Зардап шеккендердің саны артты

Опубликовано:

тілсіз жау
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы Қостанай облысындағы өрт туралы соңғы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

5 қыркүйек сағат 20.00-дегі ақпарат бойынша, өрт сөндіру орман аймағындағы 5 учаскеде жүргізілуде. Олар: Аманқарағай, Лесное, Озерное, және Калинино ауылдары.

Барлығы 91 тұрғын үй зардап шекті: 85 Аманқарағай ауылында және 6 Озерный ауылында.

Өртті сөндіруге құрамында 224 бірлік техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамның 2193 адамы бар ТЖМ, ІІМ, ҰҰ, Қорғанысмині, ЖАО және облыстың коммуналдық қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

11 адам жеңіл және орташа дәрежеде жарақат алды. 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Суағар құрылғылары үшін тікұшақтармен су алу табиғи су қоймасынан 25 шақырым қашықтықта жүргізіледі, өрт сөндіру басталған сәттен бастап 109 су ағызу жүргізілді.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986302-qostanai-oblysyndagy-ort-zardap-sekkenderdin-sany-arty/

pixel