Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр және аптап ыстық: Бүгін Қазақстан мегаполистерінде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбырлы күн
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сейсенбі, 6 қыркүйекте Алматы мен Шымкентте күн ашық болады. Ал елордада жаңбыр жауады деп күтілуде. Еліміздің үш мегаполисіндегі ауа райы болжамын "Қазгидромет" РМК синоптиктері ұсынды.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, бүгін Алматыда күн ыстық болады. Оңтүстік астанада термометр бағанасы +32...+34-ге дейін көтерілуі мүмкін. Мамандар желдің жылдамдығы секундына 2-ден 7 метрге дейін жетеді деп отыр.

Шымкентте де жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Мегаполисте күндіз ауа температурасы +36...+38 градусты көрсетеді. Ал желдің жылдамдығы 8-13 м/с құрайды.

Ауа райын болжаушылар Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын түсетітін және желдім жылдамдығы 9-14 м/с дейін жететінін хабарлады.

Осыған қарамастан елордада ыстық ауа райы сақталмақ. Ауа райы қалада 30-32 градусқа дейін барады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986318-zanbyr-zane-aptap-ystyq-qazaqstannyn-megapolisterinde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel