Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елдімекендерге қауіп жоқ": Министрлік Қостанай облысындағы өрт туралы соңғы ақпаратты ұсынды

Опубликовано:

өрт
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанай облысындағы өрт туралы соңғы ақпаратты жариялады. Онда елдімекендерге төнген қауіптің жоқ екені айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Елдімекендерге қауіп жоқ. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүріп жатыр. Әрбір ауылда (Аманқарағай, Лесное, Озерное, Бағаналы және Калинино) күзет ұйымдастырылды. Аз түскен жауынның арқасында ауа ылғалы күшейді", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттен барлығы 91 тұрғын үй зардап шеккен. Оның 85-і Аманқарағай ауылында, алтауы Озерный ауылында.

Қызыл жалынды ауыздықтауға 224 техника, 6 әуе кемесі, 5 өрт сөндіру пойызы, жеке құрамнан 2193 адам жұмылдырылған.

11 адам жарақат алды, 1935 жылы туған бір адам қаза тапты.

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел желісі жұмыс істеуде. Оған ақпараттық сипаттағы 37 қоңырау келіп түскен.

Айта кетейік, өңірде өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986335-eldimekenderge-qauip-zoq-ministrlik-qostanai-oblysyndagy-ort-turaly-songy-aqparatty-usyndy/

pixel