Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде ер адам өрттен төрт баланы құтқарды

Опубликовано:

Тілсіз жау
Көрнекі фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Семей қаласының тұрғыны жанып жатқан тоғызыншы қабаттағы пәтерден төрт баланы құтқарып алды, деп хабарлайды semeynews.kz.

Абай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 қыркүйек күні сағат 15:55-те Қарағайлы шағын ауданындағы үйдің 9-қабатында пәтер жанып жатыр деген хабарлама келіп түскен.

Өрт сөндірушілер тез арада оқиға орнына шыққан.

Белгілі болғандай, бөлмеде жеке заттар жанып жатқан. Оның аумағы екі шаршы метрді қамтыған.

Ведомство қызыл жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін ауыздықталғанын хабарлады.

Өрт кезінде пәтердің ішінде 4 бала болғаны анықталды. Оларды көршісі құтқарып алған. Ер адам жанып жатқан пәтерге балкон арқылы кіргенін жеткізді.

Содан кейін 1986 жылғы азамат балаларды эвакуациялық люк арқылы 8-қабатқа түсірген.

Өрттің ортасында қалған балалар ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі уақытта тілсіз жаудың шығу себептері анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986361-semeide-er-adam-ortten-tort-balany-qutqardy/

pixel