Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда полиция басшысы подполковник атағынан айырылды

Опубликовано:

Қанат Мұқанов
Қанат Мұқанов. Фото: zhaikpress.kz

Оралда ағымдағы жылдың сәуір айында пара алды деген күдікпен ұсталған қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің бұрынғы бастығы Қанат Мұқановқа үкім шықты, деп хабарлайды "Мой город".

Іс Қылмыстық кодекстің 366-бабы ("Пара алу") және 369-бабы ("Қызметтік жалғандық жасау") бойынша сотқа жіберілген еді. 5 қыркүйекте полиция бастығына үкім шығарылды.

"Сот Қанат Мұқановты Қылмыстық кодекстің 366 және 369-баптары бойынша кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8,7 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Сондай-ақ айыппұл түріндегі жазада 11 сәуірден 5 қыркүйекке дейін күзетпен ұстау уақыты есептелсін (әр күнге айыппұлдан 4 АЕК көлемінде шегеріледі) және айыппұл мөлшері 1,7 миллион теңгеге төмендетілсін.

Мұқановты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы үкім заңды күшіне енгенге дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берумен өзгертілсін және сот залынан босатылсын", - деді судья Асқар Исмайлов.

Айыппұл төлеу мерзімі бір ай болып белгіленді. Үкім орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылмақ.

Сонымен қатар Қанат Мұқанов полиция подполковнигі шенінен айырылып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986376-oralda-policiya-bassysy-podpolkovnik-atagynan-aiyryldy/

pixel