Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар коммуналдық қызметке 14 миллиард теңгеге жуық ақша қарыз

Опубликовано:

су
Көрнекі фото: pixabay.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев министрлер кабинетінің отырысында қазақстандықтардың коммуналдық қызмет көрсетушілерге қанша қарызы барын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайырбек Өскенбаев қыркүйекте тұтынушылардың коммуналдық қызметке қарызы 13,8 млрд теңгені құрағанын айтты.

"Ең көп дебиторлық қарыз үш мегаполисте сақталып отыр. Мәселен, Нұр-Сұлтанда оның көлемі 2,5 млрд теңге болса, Алматыда да 2,5 млрд теңге, ал Шымкентте 1,7 млрд теңге", – деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Энергетика министрі басшысы Болат Ақшолақов энергия өндіруші ұйымдардың отынға кредиторлық берешегінің қомақты сомасы жинақталғанын айтты.

"Бүгінде "ҚазТрансГаз-Аймақ" АҚ алдындағы қарыз 4,9 млрд теңгені құрап отыр. Сонымен қатар, энергия өндіруші ұйымдардың "Богатырь-Көмір" ЖШС алдындағы жалпы сомасы 2,4 млрд теңге болатын қарызы бар", – деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986408-qazaqstandyqtar-kommunaldyq-qyzmetke-14-milliard-tengege-zuyq-aqsa-qaryz/