Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асқар Мамин мейрамханада Нығматулин және Жақсыбеков үшеуі түскен суретке қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Асқар Мамин
Асқар Мамин. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Асқар Мамин әлеуметтік желіде пайда болған Нұрлан Нығматулин және Әділбек Жақсыбековпен бірге үшеуінің мейрамханада отырған суретке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Расында, өткен жексенбіде, 2022 жылдың 4 қыркүйегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде түскі уақытта жақын туыстарымның ұйымдастыруымен қазақтың салт-дәстүріне сай "Сырға салу" шарасы өтті.

Кейбір БАҚ-та айтылған фотосуреттің мәні туралы болжамдар орынсыз және арандатушылық", – деді Асқар Мамин.

Асқар Мамин мейрамханада Нығматулин және Жақсыбековпен отыр
Фото: Әлеуметтік желі

Ол біздің еліміз қазір өзінің дамуының, оның ішінде саяси трансформацияның тарихи кезеңінде тұрғанын атап өтті.

"Осыған байланысты, мен осындай шешуші кезеңде мемлекет басшысының айналасына топтасып, арандатушылар мен теріс пиғылды адамдарға ешқандай мүмкіндік бермеу керек деп есептеймін", – деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986415-asqar-mamin-meiramxanada-nygmatulin-zane-zaqsybekov-useui-tusken-suretke-qatysty-pikir-bildirdi/