Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде ҰБТ ережесін бұзған 137 талапкер грантсыз қалды

Опубликовано:

ҰБТ
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ-2022 бейнежазбаларын тексеруді жалғастыруда. Анықталған заң бұзушылықтарға байланысты қазірдің өзінде жүзден астам түлек грантынан айырылды, деп хабарлады Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Емелбаев қазіргі уақытта бейнежазбаларды қарау нәтижесі бойынша 153 тест тапсырушының ҰБТ нәтижесі жойылғанын атап өтті. Оның 137-і білім грантының иегерлері болған.

"Біз қазірдің өзінде тиісті шаралар қабылдадық. Олардың грант сертификаттары жарамсыз деп танылды", - деді Ұлттық тестілеу орталығының басшысы.

Сондай-ақ ол аталған заң бұзушылық фактілері бойынша Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерулер жүргізіліп, тиісті мемлекеттік органдарға әрі қарай жұмыс істеу үшін хаттар жолданатынын атап өтті.

"Құрметті 2023 жылғы талапкерлер! Жауапты шешім қабылдайтын кез келді, өйткені алдыңызда емтихан мен ҰБТ бар. Сіздер білімдеріңіз бен адалдықтарыңыздың арқасында ғана ҰБТ-да жоғары нәтижелерге қол жеткізесіздер және бұл қателіктерді қайталамайсыздар деп сенеміз", - дейді Руслан Емелбаев.

Сондай-ақ тестілеу орталығының басшысы биыл 327 түлек тестілеуге тыйым салынған заттарды алып кіргендіктен, ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылғанын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986426-elimizde-ubt-talaptaryn-buzgan-137-talapker-grantsyz-qaldy/

pixel