Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қант бағасы Бразилиядан келетін шикізат өнімімен тұрақтандырылатын болды

Опубликовано:

Сатушы қант өлшеп салуда
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сауда және интеграция министрі үкімет отырысынан соң журналистер сауалына жауап беріп, Қазақстанда қант бағасын қалай ұстау жоспарланып отырғанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Серік Жұманғаринның айтуынша, еліміздегі төрт зауыт елдегі қант қажеттілігі 530 тонна екенін есепке ала отыра, қант құрағынан 700 мың тонна қант өндіре алады.

Оның сөзінше, артығын тіпті экспорттауға болады.

"Қазір қантпен қамтамасыз ету үшін қуат жеткілікті. Халық 230 мың тонна қант тұтынады, шырын өндірушілер де осы көлемде тұтынады, кондитерлік өнім өндірушілер 80 мың тонна тұтынады.

Біз не ұсындық? Біз барлық зауыттармен кездестік, олардың шоттарына қаражат аудару жұмысын ұйымдастырамыз және олар бразилиялық қант құрағының үш айлық көлемін сатып алады. Бұл дегеніміз - олар жыл бойы шикізатпен қамтамасыз етіледі деген сөз. Бұл ретте, егер олар мұны жасаса, онда қанттың бағасы өспейтініне кепілдік береді", – деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, зауыттан қанттың бағасы бір килограмм үшін 460 теңгеден аспайтын болады.

"Біз бүкіл Қазақстанға жеткілікті өнім шығарамыз", – деп мәлімдеді ведомство басшысы.

Бұған дейін Серік Жұманғарин Қазақстандағы қант тапшылығы мәселесі қалай шешілетінін айтқан болатын. Ол қазақстандық қант зауыттарының қуаты халықты қантпен толық қамтамасыз етуге жететінін, бірақ шикізат жеткіліксіз екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986448-qazaqstanda-qant-bagasy-braziliyadan-keletin-sikizat-onimimen-turaqtandyrylatyn-boldy/

pixel