Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысындағы ауылда ірі қарадан қарасан анықталып, карантин жарияланды

Опубликовано:

Сиыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қостанай облысы Федоров ауданының Запасное ауылында ірі қара малдан қарасан ауруы анықталды. Осыған байланысты өңірде карантин жариялау туралы Костряков ауылдық округінің әкімі Светлана Гончаруктің тиісті бұйрығы "Ашық" НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қостанай облысы Федоров ауданы Костряков ауылдық округінің Запасное ауылы аумағында ірі қара малдан қарасанның анықталуына байланысты карантин белгіленсін. Шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын", - делінген ашық талқыға шығарылған құжатта.

Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Костряков ауылдық округінің құрамына төрт елдімекен кіреді. Ауылдардағы халық саны 1505 адам. Сондай-ақ округ аумағында егін және мал шаруашылығымен айналысатын 22 қожалық бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986494-qostanai-oblysyndagy-auylda-iri-qaradan-qarasan-anyqtalyp-karantin-zariyalandy/

pixel