Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді: Оның 10-ы әлі сөндірілген жоқ

Опубликовано:

өрт
Оқиға орнынан фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді. Қазіргі уақытта оның жетеуі ғана сөндірілді. Бұл туралы өңірдің төтенше жағдайлар департаменті Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Қарағанды облысында ауа температурасының жоғарылауы мен екпіні секундына 20 метрге жеткен жел табиғи өрттің тұтануына алып келді.

"Өңірде 17 табиғи өрт оқиғасы тіркелді. Оның жетеуі жойылды. Оны бақылауға алынды, соның ішінде Шет ауданында 300 гектар аумақты құрайтын бір дала өрті және 9 даланың жануы", - делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, барлық ошақтарға төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың ерікті өрт сөндірушілері және орман шаруашылығының мамандары жұмылдырылған.

Қызыл жалынды ауыздықтау үшін 279 адам және 78 техника жұмыс істеп жатыр.

Осы орайда Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаменті жергілікті тұрғындарды өрт қаупі кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға және үрейленбеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986513-qaragandy-oblysynda-17-tabigi-ort-tirkeldi-onyn-10-y-ali-sondirilgen-zoq/

pixel