Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында бұрынғы әйелін 22 жерден пышақтаған ер адам ұсталды

Опубликовано:

Алматы облысында әйелін пышақтаған ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz

Алматы облысында бұрынғы әйелін 22 жерден пышақтаған ер адам ұсталды. 17 жыл отасқан жолдасы шабуыл жасағанын айтқан әйелдің арызы "Не молчи" қорының Instagram парақшасында жарияланған болатын. Оқиғаға қатысты полиция пікір білдірді.

Polisia.kz мәліметінше, аталған қылмыс Алматы облысы Шелек ауылында болған. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынған.

"Аталған қылмыс 3 қыркүйек күні Шелек ауылында болған. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіруге оқталу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деді Алматы облысы Полиция департаментінде.

ЕСКЕРТУ! Видеоны жүрегі әлсіз адамдар мен аяғы ауыр әйелдерге, балаларға қарауға болмайды!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986518-almaty-oblysynda-buryngy-aielin-22-zerden-pysaqtagan-er-adam-ustaldy/

pixel