Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

25 қазан Қазақстанда ұлттық мереке ретінде белгіленуі мүмкін

Опубликовано:

Көк ту
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс депутаттары 25 қазанды Республика күні – ұлттық мереке ретінде белгілеуді қарастыратын заң жобасын талқылауды жоспарлауда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай бастама "Қазақстан республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының қорытындысында көрініс тапқан.

"25 қазанды ұлттық мереке Республика күні болып белгілеу ұсынылады", - делінген мәжілістің хабарламасында.

Еске сала кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында сөйлеген сөзінде 25 қазан – Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған еді.

Сонымен қатар бұған дейін мәжіліске Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастауға бағытталған заң жобасы ұсынылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986587-25-qazan-qazaqstanda-ulttyq-mereke-retinde-belgilenui-mumkin/

pixel