Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды

Опубликовано:

қылмыс
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Батыс Қазақстан облысында ескі тоңазытқыштың ішінен 5 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

8 тамыз күні сағат 22:00 шамасында Бәйтерек ауданында жеке үйдің ауласындағы тоңазытқыштан 5 жасар баланың денесі табылды. Бүлдіршіннің денесінде зорлық белгілері болмаған.

Оны тоңазытқыштан анасы тапқан.

Әйелдің сөзінше, үш баласы көшеде ойнап жүрген. Алайда кешке үйге екеуі ғана оралған. Осыдан кейін анасы ұлын іздестіре бастапты.

Кейінірек ауласындағы тоңазытқыштың ішін қараған.

Бұдан соң әйел тез арада жедел жәрдем шақырғанын жеткізді. Дәрігерлер оқиға орнына келіп, баланың өлімін тіркеген.

"Бұл кеңестік тоңазытқышта есіктің металл тұтқасында орналасқан автоматты құлыптау жүйесі бар. Егер сіз есікті итерсеңіз, құлып жабылып қалады. Тоңазытқыштың сыртындағы тұтқаны тартып алғанша тоңазытқышты ішінен ашу мүмкін емес", – деп хабарлайды полиция департаментінің өкілі Дариға Мәжитова.

Сотқа дейінгі тергеу аясында баланың мәйітіне медициналық зерттеу тағайындалды. Аталған факт жазатайым оқиға ретінде тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986600-bqo-da-eski-tonazytqystyn-isinen-5-zasar-balanyn-denesi-tabyldy/

pixel