Қостанайда миллиондаған теңге салынған пакетті ұрлаған сәт видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Қостанайда көлік салонынан 4 млн теңгеге жуық қаражат салынған пакеттің ұрланғаны видеоға түсіп қалды. Қазір тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 16 тамызда Қостанай полициясына ер адам хабарласып, құрылыс материалдарын сатып алған сауда үйінің аумағына "MAN" маркалы көлігін қойғанын айтқан.

Жүкті тиеу кезінде көлік иесі белгісіз біреудің салоннан 4 млн теңгеге жуық ақшасы бар пакетті қалай ұрлап кеткенін байқамай қалған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Кадрлардан ер адамның жүк көлігінің кабинасына жақындап, одан бірдеңе алып, оқиға орнынан жасырынып жатқанын көруге болады.

Аталған факті "Ұрлық" бабы бойынша тіркелді. Қазір полицейлер күдіктіні іздестіріп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986611-qostanaida-milliondagan-tenge-salyngan-paketti-urlagan-sat-videoga-tusip-qaldy-video/