Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы өрт: Полиция видеодағы ер адамды ұстады

Опубликовано:

Көктөбедегі өрт
Видеодан кадр: t.me/nehabar

Алматы полициясы кеше Көктөбедегі өрт кезінде ағаштардың маңында тұрған ер адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz ресми Telegram арнасы.

Басылым мәліметінше, Бостандық ауданындағы өрт орнында бой көрсеткен ер адам бейнекамера мен куәгерлік айғақтар көмегімен анықталған.

"Бұл 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады", - деп хабарлады ведомство.

Ер адамның сөзінше, ол мас күйде болған және консервілерді жылытқысы келген, бірақ өрт бұталарға өткен соң қорыққаннан кетіп қалған.

Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986671-almatydagy-ort-policiya-videodagy-er-adamdy-ustady/

pixel