Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бөбекжай қызметкері балаларға қол көтергені үшін тергеуге алынды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында жекеменшік бөбекжай қызметкерінің балаларды басынан ұрып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Бүлдіршіндерге қол көтерген тәрбиеші тергеуге алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, балабақша қызметкерінің видеоға түсіп қалған әрекеті ата-аналарды ашындырған, себебі, видеода ол балаға қол көтерген.

Камераға тәрбиешінің балаларды бір-біріне айдап салып, қарап отырғаны да түсіп қалған.

Телеарна мәліметінше, тәрбиешінің бұл әрекетін кімнің түсіріп тұрғаны беймәлім. Осыдан екі күн бұрын әлеуметтік желіге жарияланған видеодан кейін, полицейлер тергеуді бастаған. Тәрбиеші жұмысынан шеттетіліп, одан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынған.

"Бөлім тарапынан 5 қыркүйекте №234 хатпен Шардара ауданының полиция бөліміне тиісті жұмыс жүргізу туралы хат жолданды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Шардара ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақжібек Жантөреева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986689-turkistan-oblysynda-bobekzai-qyzmetkeri-balalarga-qol-kotergeni-usin-tergeuge-alyndy/

pixel