Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде өрт сөндірушілердің еңбекақысы полицейлердің жалақысымен теңестірілуі мүмкін

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер28
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары Дмитрий Титов мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Дмитрий Титовтың айтуынша, елімізде өрт сөндірушілер алғашқы жұмыс жылында шамамен 115 мың теңге жалақы алады, ал еңбек өтілі 20 жыл болса, оның жалақысы 200 мың теңгеден сәл асады.

Сондай-ақ Титов Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызметінің жеке құрамы 19,5 мыңға жуық адамды құрайтынын мәлім етті.

"Бүгінгі таңда министрлік жалақыны көтеру мәселесін шешу үшін барлық шараларды қабылдауда. Министр бұл мәселе күн тәртібінде тұрғанын бірнеше рет айтты. Оның үстіне Қостанай облысына барған соң президенттің бұл мәселені қарастыру керегін айтқанын көрдіңіздер.

Ертең министрлік басшылығы премьер-министрдің қабылдауына барады, онда бұл мәселе пысықталып, сәйкесінше шешімдер қабылданады", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Титов өрт сөндірушілердің жалақысы нақты қаншаға өсетін айтпады, бірақ олардың еңбекақысы полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлерінің жалақысымен теңестірілуі мүмкін екенін жеткізді.

"Бір нәрсені айта аламын - барлық күш құрылымдарының жалақысын теңестіру, яғни өрт сөндірушінің жалақысын полиция қызметкерінің, ҰҚК қызметкерінің жалақысымен теңестіру, осылайша, олардың бірдей ету жоспарлануда", - деді спикер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986695-elimizde-ort-sondirusilerdin-enbekaqysy-policeilerdin-zalaqysymen-tenestirilui-mumkin/

pixel