Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

33 градус ыстық және жаңбыр: Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қолшатырмен жаяу жүргіншілер жолынан өтіп бара жатқан қыздар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 8 қыркүйек күні Алматыда ыстық ауа райы сақталады, Нұр-Сұлтанда күн айтарлықтай салқындайды, ал Шымкентте найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ағымдағы ауа райы болжамы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында жарияланған.

Алматыда бүгін жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі. Оңтүстік астанада термометрлер бағаны +31...+33 градусқа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады.

Астаналықтарға күн салқындайтыны ескертіледі. Елордада бүгін ауа температурасы тек +16...+18 градусқа дейін жылынады. Сонымен бірге жел 9-14 м/с күшейеді деп күтілуде.

Шымкентте бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, бірақ ауа температурасы +29...+31 градус болады. Үшінші мегаполисте желдің жылдамдығы синоптиктердің болжамы бойынша 8-13 м/с болмақ, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986716-33-gradus-ystyq-zane-zanbyr-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel