Нұр-Сұлтанда есте сақтау қабілеті нашар ақмолалық табылды

Опубликовано:

Таяқ ұстаған қария
Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақмола облысында есте сақтау қабілеті нашар ер адам із-түссіз жоғалып кетті. Бірнеше күннен кейін ол елордадан аман-есен табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ Polisia.kz ресми медиа-порталына сілтеме жасап.

2 қыркүйек күні Целиноград аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын күйеуінің 81 жастағы әкесін табуға көмек сұрап жүгінген. Әйелдің түсіндіруінше, ер адам 31 тамыз күні жоғалып кеткен. Ол сондай-ақ атасының есте сақтау қабілетінің нашарлауынан зардап шегетінін және жолда адасып, үйге баратын жолды ұмытып қалатынын атап өтті.

"Іздеудегі зейнеткердің белгілері бар бағдар дереу полицияның барлық патрульдік экипажы мен жедел уәкілдеріне тапсырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында такси жүргізушілері сұралып, баспаналар, ауруханалар, қарттар үйлері, түрлі оңалту орталықтары, теміржол вокзалдары мен шаруа қожалықтары тексерілді", – делінген хабарламада.

Көп ұзамай қарт адам табылды. Ол Нұр-Сұлтанда, елорда көшелерінің бірінде болған. Ер адам аман-есен үйіне қайтарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986729-nur-sultanda-este-saqtau-qabileti-nasar-aqmolalyq-tabyldy/