Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ауруханаларының бірінде тұрғын шағымы бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Фото: NUR.KZ/Карандашов

Алматы тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевқа №4 қалалық клиникалық ауруханасы анализдері нашар болғанына қарамастан түн ішінде үйіне қайтарғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің Жетісу ауданы халқымен кездесуі кезінде қала тұрғыны тамыз айының соңында ұстамасы ұстап, жедел жәрдем шақырғанын айтты. Жедел жәрдем көлігі әйелді №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізген. Анализ алынғаннан кейін әйелдің қан көрсеткіштері үш жүз есе жоғарылағаны белгілі болған. Алайда соған қарамастан дәрігерлер оны түнгі 01:00-де үйіне қайтарған.

Осы жайтқа қатысты Досаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсыратынын айтты.

"Мен №4 қалалық клиникалық ауруханада тиісті қызметтік тексеру жүргізуді тапсырамын. Сондай-ақ олар сізді ауруханаға жатқызуы керек пе еді, жоқ па, неліктен емдемегенін анықтайды", - деді қала әкімі.

Әйел полицияға да шағымданған.

Айта кетейік, Ерболат Досаев осы кездесуде Алматыда тағы екі жағалау мен жаңа жаяу жүргіншілер аймағы пайда болатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986783-almaty-auruxanalarynyn-birinde-turgyn-sagymy-boiynsa-qyzmettik-tekseris-zurgiziledi/

pixel