Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2023 жылы елде мұғалімдердің жалақысы тағы көтеріледі

Жарияланған күні:

Мұғалім тақтаға жазуда
Көрнекі фото: Pexels.com

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан президентінің тапсырмасы бойынша балабақшаларда, мектептер мен колледждерде оқытушылардың жалақысы өседі. Оқу-ағарту министрлігінде мұғалімдердің жалақысы қалай өзгеретіні туралы айтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі уақытта білім беру саласындағы жалақы республика бойынша орташа көрсеткіштерден әлі де артта қалып отыр. Бірақ ол бұлай ұзаққа созылмайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдан бастап оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен көтеру туралы шешім қабылданған болатын. Биыл олар екі есеге өсті. Қазіргі уақытта білім беру саласындағы жалақының орташа мөлшері 294 мың теңгені құрайды (ел бойынша 312 мың теңге).

"2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап педагогтардың еңбекақысы тағы 25 пайызға өседі. Бұл бірінші кезекте балабақша тәрбиешілеріне, мектеп және колледж педагогтарына, сондай-ақ қосымша білім беру жүйесінің мамандарына қатысты", – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, жалақыдан басқа, мұғалімдерге қосымша үстемақы беріледі. Мәселен, біліктілік санаты үшін (жалақының 30%-нан 50%-на дейін), магистр дәрежесі үшін, ағылшын тілінде пәндерді жүргізгені үшін, сынып жетекшілігі, тәлімгерлік және дәптерлерді тексергені үшін беріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986788-2023-zyly-qazaqstanda-mugalimderdin-ailygy-tagy-koteriledi/