Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкері пара алғаны үшін сотталды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі Әсет Ізбасар пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы агенттік ресми Telegram-каналында хабарлады.

Маңғыстау облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сотталған тергеушісі туралы ақпарат әлеуметтік желіде тараған.

Белгілі болғандай, Әсет Ізбасарға қатысты Ақтау қалалық сотының үкімі шығып, заңды күшіне енген.

Үкімде тергеушінің арнайы атақтан айырылып, оған 15 млн теңге көлемінде айыппұл салынғаны айтылған.

Сонымен қатар сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан шектетілді.

Айта кетейік, Әсет Ізбасарды агенттіктің Жеке қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері әшкерелеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986810-sybailas-zemqorlyqqa-qarsy-qyzmettin-qyzmetkeri-para-algany-usin-sottaldy/

pixel