Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордадағы ЛРТ құрылысы қалай қаржыландырылады: Министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Астана ЛРТ
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Қаржы вице-министрі Татьяна Савельева Мәжіліс отырысынан соң БАҚ өкілдеріне арналған алаңда Нұр-Сұлтандағы жерүсті метросының құрылысын қаржыландыру бойынша құжаттама қажетті рәсімнің барлығынан өткенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мәселені журналистер көтерді. Олар жеңіл рельсті транспорт құрылысы жобасын қаржыландыру қайдан жүзеге асатынын сұрады.

"Құжаттама бойынша барлық қажетті жағдай аяқталған кезде ақша қарастыратын боламыз.

Ақшаны Үкімет резервінен емес, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бойынша қалыпты бюджеттік бағдарламаға қайта бөлетін боламыз, тиісті трансферттер енгізілетін болады.

Бұл келесі жылы бюджетті нақтылау кезінде болуы мүмкін.

Құжаттаманың бәрі қажетті рәсімнен өтті. Заңнаманың барлық талабы орындалды", - деді ол.

Сонымен қатар ол процедуралар аяқталып жатқанын, бұдан кейін елордада ЛРТ құрылысы жобасын қаржыландыруға ешқандай кедергі болмайтынын жеткізді.

"Үкімет пен әкімнің талқылаған барлық материалы президентке ұсынылды. Ресми хат алмасу жүргізілді", - деп түйіндеді Татьяна Савельева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986828-elordadagy-lrt-qurylysy-qalai-qarzylandyrylady-ministrlik-pikir-bildirdi/

pixel