Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық қор табысынан балаларға аударылатын ақшаны ата-аналары пайдалана ала ма

Опубликовано:

отбасы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық қор табысынан балаларға берілетін қаражатты ата-аналарының пайдалану мүмкіндігі туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұл қаржы, яғни, Ұлттық қордан түскен инвестициялардың 50 пайызы балалар меншігі болмақ. Олар 18 жасқа толған кезде қаржыны пайдалана алады және оны білімге немесе жылжымайтын мүлікке жұмсай алады. Сондықтан бұл жерде ата-аналар туралы сөз болып отырған жоқ", - деді Ұлттық экономика министрі.

Әлібек Қуантыров балаларға арналған шоттар Әділет министрлігінің деректер базасы негізінде автоматты түрде ашылатынын айтты. Оның айтуынша, бұл жаңа туған балаларға да қатысты. Нәрестелер үшін шот автоматты түрде ашылмақ. Министрдің сөзінше, ата-аналарға ешқандай өтініш берудің қажеті болмайды.

"Балалар ақшасына" салық салына ма, жоқ па, ол мәселе талқыланып жатыр: Қуантыров қазір мұндай жоспар жоқ екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986860-ulttyq-qor-tabysynan-balalarga-audarylatyn-aqsany-ata-analary-paidalana-ala-ma-ministr-zauap-berdi/

pixel