Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық өрт сөндіруші қала маңында құрғақ шөпке от қойды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

өрт
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Кеше, 7 қыркүйекте желіде көптің талқысына түскен видео пайда болды. Онда Алматы маңындағы тілсіз жауға өрт сөндірушілердің бірінің қатысы бар екені айтылған. Төтенше жағдайлар министрлігі бұған қатысты пікір білдіріп, ер адамның ұсталғанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство мәліметінше, YouTube каналының "Бәсе" аккаунтында "МЧС поджигает Казахстан. Установлена личность поджигателя из Алматы" деген атаумен бейнеролик жарияланған. Онда қызыл жалынды ұйымдастырғандың бірі өртке қарсы қызмет қызметкері Жанат Утеулиев деп айтылды.

"Бейнероликте көрсетілген азамат Алматы қаласы ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ № 5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, аға өрт сөндіруші, азаматтық қорғау сержанты, 1983 жылы туған Жанат Ерғалиұлы Утеулиев болып табылады. Ол азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады", - делінген хабарламада.

Оны Алматы облысы Жамбыл ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап, Әкімшілік құқық бұзушылық кодектің 1-бөлімінің 440-бабы және 1-бөлімнің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартты.

"Тексеру барысында Утеулиев өз әрекетін түсіндіре алмаған, себебі ол қатты мас күйінде болған. Қазіргі уақытта қызметтік тергеп-тексеру тағайындалды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, полиция қураған шөпке от қойды деген күдікпен ер адамды ұстағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986870-almatylyq-ort-sondirusi-qala-manynda-qurgaq-sopke-ot-qoidy-degen-kudikke-ilindi/

pixel