Павлодарда тойхананың орнына аурухана ашылды

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Павлодарда бұрынғы тойхананың ғимаратында медициналық-санитарлық көмек орталығы ашылды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Басылым мәліметінше, жаңа ашылған орталықта клиникалық-диганостикалық, санитарлық көмек көрсетіледі.

Пациенттерді педиаторлар, терапевттер, акушер-гинеколог қабылдап, скрининг жасалады. Сондай-ақ қан тапсыруға, флюрография мен ЭКГ-ден өтуге болады.

Орталық бір ауысымда 150 адамды қабылдай алады.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, орталыққа 20 мың адам тіркеле алады екен.

Сонымен қатар медициналық мекемеде барлығы 26 маман қызмет етуде. Олардың 11-сы дәрігер.

Жаңа орталыққа келушілердің қарасы көп. Солардың арасында Санат Керейбай қария да бар.

"Осы орталыққа жақын маңда тұрамыз. Енді жақсы болды. Бұрын емхананың өзі алысырақ болатын. Мұндай бастаманы қолға алып жатқандарға рахмет! Дәрігерлерім де жақсы екен. Тексеріліп жатырмын", - деді Санат Керейбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986876-pavlodarda-toixananyn-ornyna-auruxana-asyldy/