Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны алдағы уақытта 10 миллионға жетуі мүмкін

Опубликовано:

жаңа тұрғын үй
Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы 7-8 жылда елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 миллионға жетуі мүмкін, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағы ұйымдастырған жиында одақ төрағасы Талғат Ерғалиев мәлім еткен. Оның айтуынша, қазіргі таңда баспана бағасы шарықтап кеткен.

Телеарнаның хабарлауынша, сала мамандары түйткілді мәселені шешу үшін отандық құрылыс материалдары өндірісін дамыту қажет екенін айтуда.

Сондай-ақ Құрылысшылар одағы жиында бұл мәселені шешуде мемлекет тарапынан қолдау керек екенін де атап өткен.

"Біз құрылыс саласындағы бәсекелестікті арттыруымыз керек. Сондай-ақ ашық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін заңдарды дұрыс қабылдамайынша баспана бағасы өсе береді. Құрылыс саласын цифрландырмайынша, материалдар да қымбаттайды", - дейді Талғат Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1986987-elimizde-baspanaga-muqtaz-zandardyn-sany-aldagy-uaqytta-10-millionga-zetui-mumkin/

pixel