Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДСМ еліміздегі ауыл тұрғындарының қандай аурумен ауыратынын айтты

Опубликовано:

Дәрігер науқастың қан қысымын өлшеуде
Көрнекі фото: Pexels.com

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ауыл тұрғындары қандай аурумен жиі ауыратынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ажар Ғиният өткен жылы алғашқы медициналық-санитарлық көмек бойынша үлкен ұлттық баяндама жасалғанын атап өтті.

"Нәтиже көрсеткендей, ауыл тұрғындары негізінен тыныс алу органдары ауруларымен ауырады. Екінші орында – ас қорыту жүйесі аурулары, үшінші орында қан айналымы аурулары тұр", – деді министр.

Министрдің айтуынша, осы уақытқа дейін ауылдарда 67 мың медицина қызметкері медициналық қызмет көрсетіп келеді, оның 13 мыңнан астамы дәрігерлер.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны неліктен ДДСҰ әлі мойындамай отырғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987072-dsm-elimizdegi-auyl-turgyndarynyn-qandai-aurumen-auyratynyn-aitty/

pixel