Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталғаны белгілі болды
Опубликовано:
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметке сәйкес, 9 қыркүйекте елімізде коронавирус жұқтырған тағы 211 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ресми Telegram парақшасында.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында - 37,
Алматы қаласында - 22,
Шымкент қаласында – 0,
Ақмола облысында – 33,
Ақтөбе облысында – 2,
Алматы облысында - 2,
Жетісу облысында - 1,
Атырау облысында - 7,
Шығыс Қазақстан облысында - 7,
Абай облысында - 2,
Жамбыл облысында - 1,
Батыс Қазақстан облысында - 10,
Қарағанды облысында - 32,
Ұлытау облысында - 4,
Қостанай облысында - 18,
Қызылорда облысында - 1,
Маңғыстау облысында - 2,
Павлодар облысында - 8,
Солтүстік Қазақстан облысында - 18,
Түркістан облысында - 4 адамнан коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелген.
Осылайша, жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 1 391 372-ге жетіп отыр.
Сонымен қатар өткен тәулікте 383 адам коронавирустан жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық өңірі "жасыл" аймақта тұр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987110-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnan-koronavirus-anyqtalgany-belgili-boldy/