Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік жүргізушісі 18 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Опубликовано:

Көлік
Оқиға орнынан фото: Zakon.kz

Алматыда жол апаты болып, салдарынан 18 жастағы жаяу жүргінші қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол көлік оқиғасы Наурызбай ауданында Әшімов пен Байзақ батыр көшелерінің қиылысында тіркелді.

Куәгерлердің сөзінше, Lada granta батыс бағытта Байзақ батыр көшесімен келе жатқан. Алайда Әшімов көшесімен қиылыста "Жол бер" деген белгіні байқамай, жолға шығып кеткен.

Осы сәтте Әшімов көшесімен оңтүстік бағытта Hyundai Sonata келе жатыпты. Жүргізуші жедел әрекет ете алмай, Lada-ның бүйіріне соғылған. Қатты соққы салдарынан Lada бордюрге ұшып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен, артынша өзі жарық бағанасына соғылды.

Жаяу жүргінші - 2004 жылғы жас жігіт оқиға орнында қаза тапты. Hyundai жүргізушісі мен жолаушы зардап шекті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987119-almatyda-kolik-zurgizusisi-18-zastagy-zayau-zurginsini-qagyp-ketti/

pixel