Қазақстанның ірі қалаларында бүгін ауа райы қандай болады
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 12 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында ауа райы қандай болатынын хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, Алматыда бүгін жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Термометр бағанасы +20...+22 градусты көрсетуі мүмкін.
Синоптиктер осы орайда Алматы тұрғындары мен қонақтарына қалада жел соғатынын және оның жылдамғығы 5-10 метрге дейін жететінін ескертті.
Шымкентте де жылы ауа райы болжануда: бұнда термометр +22...+24 градусқа дейін көтеріледі. Сондай-ақ мегаполис тұрғындарына желдің екпіні секундына 8-13 метрге дейін күшейетіні хабарланды.
Дүйсенбіде Нұр-Сұлтан қаласында жаңбыр жауатыны, күннің күркірейтіні жария етілді. Елордада ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін төмендеуі мүмкін, дейді синоптиктер. Сонымен қатар бұнда желдің екпіні секундына 9-14 метрге дейін барады деп болжанып отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987120-qazaqstannyn-iri-qalalarynda-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/