Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда балалар үйінен қашқан екі жеткіншек іздестіріліп жатыр

Опубликовано:

жеткіншек
Көрнекі фото: pixabay.com

Оралда жоғалып кеткен екі бала іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға Зачаган кентіндегі отбасылық үлгідегі балалар ауылында болған.

«10 қыркүйек күні шамамен сағат 11.30-да 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченко белгісіз бағытта шығып, жоғалып кеткен. Ерекше белгілері: М.Федуллев арықша келген, бойы 160-165 см, шашы қара, қой көзді. Н.Харченко да арықша келген, бойы 145-150 см, шашы ашық-сары, қысқа, қой көзді. Оларды көрген адамдар болса, 8-777-184-04-90 немесе 102 телефонына хабарласа алады. Қазіргі кезде іздестіру жұмыстарына барлық жеке құрам жұмылдырылды», - деп хабарлады ведомстводан.

Жасөспірімнің екеуі де 20-мектепте оқиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987233-oralda-balalar-uiinen-qasqan-eki-zetkinsek-izdestirilip-zatyr/

pixel