Қарағандылық азамат жалған құжат сатып алғаны үшін 80 сағат қала көшелерін сыпырады

Опубликовано:

Наушникпен тұр
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағанды қаласында еңбекке жарамсыздық туралы жалған құжат сатып алған ер адамның өтірігі шығып, сот үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, қала кәсіпорындарының бірінде 27 жастағы ер адам отбасы жағдайына байланысты үш күн демалысқа шығуы керек болған.

Жігіт көп ойланбастан осы аралықта "ауырып қалу" туралы шешімге келіпті.

Бәрі ресми болуы үшін ол белгісіз біреулерден 4 мың теңгеге еңбекке жарамсыздық парағын сатып алып, кадр бөліміне апарып берген.

Кәсіпорын мамандары қызметкердің ауырғаны туралы парақтың жалған екенін анықтап, полицияға қоңырау шалған.

Аталған факті бойынша қызметкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіның дерегінше, сот ер адамға 80 сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түрінде жаза тағайындаған.

Жауапкершілікке тартылған азамат қазіргі кезде жазасын өтеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987235-qaragandylyq-azamat-zalgan-quzat-satyp-algany-usin-80-sagat-qala-koselerin-sypyrady/