Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Опубликовано:

Жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, салдарынан үш адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 11 қыркүйекте сағат 17:30 шамасында тіркелген.

"Атырау қаласындағы "Балауса"шағын ауданында жедел-жәрдем бригадасының көлігі екінші деңгейлі жолақтан шығып, басты жолмен келе жатқан "Toyota Land Cruiser" көлігіне жол бермеген. Нәтижесінде екі көлік соқтығысып қалған. Соққының екпінімен жедел жәрдем көлігі жеке тұрғын үйдің қоршауына соғылған", -делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан жедел жәрдем көлігінде болған екі жолаушы және "Toyota Land Cruiser" көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987252-atyrauda-zedel-zardem-koligi-zol-apatyna-usyrady/

pixel