"Супер келін": Павлодар облысындағы ең үздік келін анықталды (фото)
Опубликовано:

Павлодар облысында "Супер келін - 2022" байқауы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Байқауға облыстың түкпір-түкпірінен 28 жасқа дейінгі келіндер қатысқан.
Сайыс "Менің отбасым – менің бақытым!", "Шебер келін", "Шығармашыл мен" бөлімдерінен және ұлттық ас пен салт дәстүрлерді дәріптеу секілді бөлімдерден тұрған.

Қатысушылардың өнерін "Нұр ана әлемі" қорының өкілі Қайырлы Жақсыбаева, "Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру" бөлімінің басшысы Гүлжанат Иманғазы және "Даму" орталығының басшысы Нариман Өскенбаев секілді байқау комиссиясы бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орын мен "Супер келін-2022" атағын Ертіс өңірінен келген қатысушы Гәкку Қайрат жеңіп алса, "Өнерлі келін" номинациясы Аққұлылық Мұхаммедәлі Аяужанға бұйырды. "Шебер келін" номинациясында Шарбақты ауданынан келген Ламия Авдол жеңіске жетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1987296-super-kelin-pavlodar-oblysyndagy-en-uzdik-kelin-anyqtaldy-foto/